KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жаңа шаңғы трассасы ашылды

18.12.2014, 18:00 206



Тәуелсіздік күніне орай Өскемен қаласында ұзындығы екі шақырымға таяу болатын шаңғы жолы пайдалануға берілді. Аталмыш трасса Комсомол аралында орналасқан, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шаңғы жолының ашылу рәсіміне қала мектептерінің оқушылары мен студенттер қатысып, жаңа трассаны өз бетінше сынап көруге мүмкіндік алды. Аяқтарына шаңғыларын киіп, жарыс жолына шыққан қала жастары артынша нысанға оң баға беріп жатты. Сондай-ақ, олар енді бұл жерде тек қана классикалық емес, конькилік жүгіру әдісі қолданылатын шаңғы жолы пайда болса деген ұсыныстарын да жасырмады.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы уақытта Өскеменде қысқы спорт түрлері бұқаралық сипат алуы үшін дәл осы тәрізді тағы бірнеше нысан ашу жоспарлануда.

Ал Комсомол аралындағы жаңа шаңғы трассасы қар ерігенге дейін жұмыс істейтін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив