KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Өскемендегі ең таза аула анықталды

2.11.2018, 11:50 164

Өскеменде ерте күзден бастап қаланың тазалығын арттыру мақсатында бірқатар сенбіліктер өткен еді. Бұған жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер және ПИК-тер бір кісідей атсалысып келді. Бүгін қаланың «Үздік ауласы» анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскемендегі ең таза аула – Тәуелсіздік көшесіне тиесілі болып танылды. Бас жүлде ПИК төрағасы Виктор Кочетковқа табысталды. Екінші орынды – Ворошилов көшесі, үшінші орынды Комсомол көшесі иеленді. ПИК төрағалары тиесілі жүлделерін қала әкімі Жақсылық Омардың қолынан алды.


Сондай-ақ сенбіліктің ең жас қатысушылары қаперден тыс қалмады. Шаһар басшысы Жақыслық Омар Нұрасыл Қыдырханов, Біржан Дәулетханов, Жарас Әділбеков сынды тағы 6 баланың еңбегін ерекше бағалап, кішігірім сыйлық тарту етті.


Кеш барысында қаладағы білім мекемелері түгелдей алғыс хатқа ие болды. Бұл қатарда 20-дан астам еңбек ұжымы мен кәсіпорын және бар. Сонымен бірге қала тазалығына бейжай қарай алмайтын, белсенді тұрғындар да жекелей марапатталды.


– Бұл қалада біз тұрамыз. Демек оның тазалығына тікелей біз жауаптымыз. Артылған міндетті мүлтіксіз атқардық деп ойлаймын. Сондай-ақ сенбілік қана емес, өзге іс-шараларда да тізе қосып еңбектенеміз деп сенемін. Барлығы да біздің бірлігімізге байланысты, – деп түйіндеді қала әкімі Жақсылық Омар.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив