KZ
Өскемен
+10°
пасмурно Штиль
441.44 473.09 4.75

Өскемендегі Астана көшесі Шәкәрімге дейін созылады

15.03.2019, 08:35 250

 

Өскемендегі Астана көшесі Шәкәрім көшесіне дейін ұзартылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Үлбі жағалауы кеңейтіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Онымен бірге Астана көшесі созылып, Шәкәрім (Ворошилов) көшесіндегі көпірге барып қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар инстаграм тікелей эфирінде айтты.

 

– Жобаны бастаймыз. Ол жерде балалар алаңы да, веложолдар да болады. Тұрғындар әсем жағалаумен серуендейтін болады, – деді қала басшысы.

 

Естерңізге саламыз, кеше Жақсылық Омар инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, қала тұрғындары қойған сауалдарға жауап берді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив