KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның ірі кәсіпорындарында еңбекақы көтерілді

31.10.2018, 10:00 147

2019 жылы аймақтағы 24 кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын көтереді. Ал бірқатарында жалақы мөлшері көтеріліп қойған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өткен аптада Өскемен тұрғындарының еңбекақысы көтерілетіні туралы хабарлаған едік. Бұл процесс осы аптада бастау алып үлгерді.


Мысалы, «Азия Авто» АҚ кәсіпорны қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 20%-ға көбейді. Өскеменнің арматура, май зауыттарындағы, «СемАз», «Семей инжиниринг» компанияларындағы ең төменгі жалақы 37 мыңнан 55 мыңға көтеріліпті.


«Казцинк» ЖШС-де қазіргі уақытта қажетті есептеулер жүргізіліп жатыр. Өз жұмысшыларының айлығын бұл кәсіпорын 3% -дан 20%-ға дейін өсірмекші. Ал Сәтпаев тау байыту кәсіпорны – 5-тен 12%-ға дейін.


Сондай-ақ, бұлардан бөлек Өскемен конденсаторлық зауытында, ШҚ ұн-құрама жем комбинатында, Бұқтырма цемент зауытында, Риддер ЖЭО, «Семей Водоканал», «Силумин-Восток» ЖШС, DAEWOO Bus Kazakhstan» ЖШС, «Роза валяльно-войлочный комбинат», «Роза» киіз басу комбинаты, «Технология комфорта» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «КОНДИЗ» ЖШС кәсіпорындарында еңбекақы көтеріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив