KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 4 м/с, З
439.4 473.54 4.76

ШҚО-ның су айдындары ластана түсті

30.10.2018, 07:33 140

Шығыс Қазақстанның аумағында су айдындары ластана түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жыл басынан бері 9 ай бойыша су айдындарындағы ахуал туралы «Қазгидромет» РМК филиалының кешенді зертхана басшысы Татьяна Козлянская айтып берді.


Айта кетсек, Қазгидромет облыстағы оннан астам су айдынына 48 гидрохимиялық көрсеткіш бойынша талдау жасайды. Зерттеу нысандарының қатарына кіретіндері: Марқакөл көлі, екі су қойма мен 10 шақты өзен – Қара Ертіс және Ертіс, Бұқтырма, Емел, Брекса, Глубочанка, Красноярка, Тихая, Үбе, Үлбі.


Ағымдағы жылы Марқакөлдің суының күйі нашарлай түсіпті. Қара Ертіс, Ертіс, Үбе, Бұқтырма және Емелдің ластануы «орташа деңгейде». Ал қалған су айдындары аса жоғары деңгейде ластанған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив