KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

«Қазгидромет» мамандары Үлбі суының сапасы жақсарғанын мәлімдеді

26.06.2018, 06:33 183

«Қазгидрометтің» жүргізген зерттеулері бойынша 2018 жылдың мамыр айының қортындысына сәйкес, Үлбі өзеніндегі судың сапасы жақсарған болса, Марқакөлдікі керісінше төмендеп кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Қазгидромет» қызметкерлерінің айтуынша, Қара Ертіс, Ертіс, Бұқтырма, Тихая, Үлбі, Красноярка, Үбі, Аягөз, Емел, Марқакөлде судың ластану деңгейі бірқалыпты, ал Брекс пен Глубочанка өзенінде ластанудың жоғарғы деңгейі тіркеліп отыр.


Өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда Қара Ертіс, Ертіс, Бұқтырма, Брекс, Глубочанка, Красноярка, Емел, Аягөз өзендерінде судың сапасы өзгермеген. Тихая, Үлбі, Үбі өзендерінің су сапасы жақсарып, Марқакөлде нашарлап отыр.


Айта кетер болсақ, ШҚО- ның 12 нысанында су бетінің жалпы жағдайы тексерістен өткен болатын. Судың ішіндегі оттегі концентрациясы бақыланып, температурасы өлшенген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив