Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан құрамасы үшінші орында
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Екі күннің нәтижесі бойынша қазақстандық дзюдошылар жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпараты бойынша, Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші күні ресми ашылу салтанаты өтіп, ерлер мен әйелдер арасында 4 салмақта белдесу өтті.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар екі күнде 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.
Турнирдегі алғашқы бестіктің тізімі:
- Италия (1 алтын, 1 күміс, 2 қола),
- Хорватия (1 алтын, 1 күміс),
- Қазақстан (1 алтын, 3 қола),
- Өзбекстан (1 алтын),
- Португалия (1алтын).
Айта кетейік, «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирі Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы турнир.
Оқи отырыңыз