KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Кеше Ұлан ауданы, Тарғын ауылында 8 үйдің шөбі жанып кетті (видео)

29.10.2018, 09:54 119

Кеше ШҚО-дағы Ұлан ауданына қарасты Тарғын ауылындағы бірнеше үйдің шөбін тілсіз жау тып-типыл етті. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Ауданнан арнайы комиссия құрылды. Өрттің шығу себебі көп ұзамай анықталады. Шөбі өртенген үйлерге көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз, өртті сөндіруге 8 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.– дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Болатбек Мамарбаев.


Жергілікті тұрғандар берген бейресми мәліметтерге сүйенсек, ауылда көрші орналасқан сегіз үйдің қысқа дайындаған шөбі жанып кеткен.


Жағдайдың жай-жапсарын сұрап, ауыл әкімі Ғалым Амановқа қоңырау шалған едік. Өрттің шығу себебін анықтау үшін комиссия құрылғанын айтқан ауыл басшысы, әзірге қандай да бір нақты ақпарат бере алмайтынын жеткізді.


- 400 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 120 тонна шөпті жалмады. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы мен Асу-Бұлақ орман шаруашылығының 2 техникасы жұмылдырылды, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив