KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 3 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Үш отбасының қысқа жинаған шөбін тілсіз жау әп-сәтте жалмап қойды

23.09.2013, 18:00 128


ШҚО Үржар ауданындағы Қаракөл ауылының үш отбасының қысқа жинаған шөбін тілсіз жау әп-сәтте жалмап қойды. Мамандар барлық жағдайда өрт отты абайсыз пайдаланудан шықты деген болжам айтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдымен бір аулада шыққан өртте 20 тонна шөп жанып кетті. Қатты желдің салдарынан жалынның ұшқыны көрші Еркімбеков көшесіндегі жекеменшік үйдің ауласындағы шөпке түсіп, тағы 16 тонна қысқы азық күлге айналды. От мұнымен тоқтамай, Әбжалов көшесіндегі тағы бір отбасының шөбіне ауыз салды. Бұл жерде 24 тонна шөппен қоса шаруашылық ғимаратының 24 шаршы метр аумағы қып-қызыл өрттің ішінде қалды.

Дәл осындай бақытсыз оқиға Зайсан ауданындағы Қайнар ауылында да тіркелді. Жекеменшік үйдің ауласында шыққан өрт шаруашылық ғимаратының 80 шаршы метр аумағы мен 25 тонна қысқы шөбін тып-типыл етті.

Мамандар барлық жағдайда өрт отты абайсыз пайдаланудан шықты деген болжам айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив