KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

Семейде «Jas education» семинар-тренингі өтті

29.10.2018, 05:02 166

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған жастарды қолдауға арналған әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру мақсатында ШҚО ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 26-27 қазанда Семей қаласында «Jas education» семинар-тренингі өтті.


Тренингтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Аймақтық дамыту және үйлестіру басқарма басшысы, жастармен жұмыс жөніндегі Ұлттық тренерлер пулының мүшесі - Луиза Узарова, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы - Бақыт Маржан, халықаралық дәрежедегі тренер - Сағынғали Рүстембаев, «Fox» тренинг орталығының директоры - Аслан Төленов жүргізді.


Іс-шараға қалалар мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен мамандары, жастар мәслихаттарының хатшылары, жастар ұйымдарының өкілдері, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, өңірдегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.


Семинар-тренинг барысында жастар ресурстық орталықтары жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері, жастар саясатының халықаралық тәжірибелері, жобаларды әзірлеу және қорғау, жастар кәсіпкерлігін дамыту, фандрайзинг тәсілдері түсіндірілді.


«Облыста мемлекеттік жастар саясатын іске асырушы мамандарды жүйелі оқыту жалғасын табатын болады. Өңірде жастар саясаты тренерлерінің пулын қалыптастыру қажет» деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айдар Садырбаев.


Іс-шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив