KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Семейде этносаралық мәселелерге арналған аймақтық семинар-тренинг өтіп жатыр

14.05.2013, 18:00 253


Семейде «Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару» тақырыбында үш күндік аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінде хабарлағандай, іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырып отыр. Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының білім беру және ғылыми ұйымдастыру іс-шаралар жоспар-кестесіне сәйкес өтуде.

Семинар-тренинг жұмысын ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылық меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Садвокасова және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Мақтағали Бектемесов ашты.

Семинар-тренингке Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының этносаралық қатынастар мәселесімен айналысушы мемлекеттік қызметкерлер, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, этномәдени, жастар және басқа да қоғамдық бірлестік жетекшілері, конфессиялардың, ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының, ЖОО өкілдері қатысуда.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында берген жаңа міндеттері аясында этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

Іс-шара барысында этномәдени орталықтар өзара тәжірибе алмасып, қоғамдық келісім және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған міндеттер мен қажетті шаралар қарастырылып, нәтижесінде этносаралық және конфессияаралық қатынастар мен этностық әралуандықты басқару салаларындағы саясатты іске асыру жөнінде құнды ұсыныстар айтылуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив