KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями Штиль
475.39 513.37 5.4

Қазақстанда көмір 18%, отын 9% қымбаттады

19.10.2018, 06:26 82

Қазақстан бойынша көмір мен отын 18 және 9 пайызға, ал газ бен жылу жүйесінің бағасы бір жылда 4 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ranking.kz сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, Орталық жылу жүйесінің бағасы 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 1 гигакалориясы 4 000 теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1 пайызға көп. Табиғи газдың да бағасы бір жыл ішінде 4,2 пайызға қымбаттап, текше метрі 18,9 теңгеге жеткен.



Сарапшылар зерттеуі бойынша, қыркүйекте 1 тонна көмір 12,9 мың теңге тұрған. Яғни бір жылда 17,5 пайызға қымбаттап кеткен. Ал отынның текше метрі 6 мың теңгеге жоғарылап, 9,3 пайызды құрады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив