KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскемен-Астана пойызы Шар арқылы жүруі мүмкін

17.10.2018, 10:56 189

ШҚО әкімі Инвестиция және даму министрлігіне Өскемен-Астана бағытындағы теміржол қозғалысын қайта реттеуді өтініп, хат жолдауды тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Қазір Астанадан келетін пойыз тек Семей арқылы өтеді. Содан соң мыңдаған адам Семейден Өскеменге жол тартады. Бұл жолаушыларға қолайсыздық тудырады. Пойыз бірінші Семейге, сосын Шар арқылы  Өскеменге келгені абзал – деді Даниал Ахметов.


Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов аталмыш мәселені шешу жолдарын қарастыру үстінде екенін айтты.


Естеріңізде болса, жыл басынан бері «Өскемен-1 – Астана-Нұрлы жол» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» ЖШС-ның пойыздары тоқтап қалған болатын. Аталмыш пойыз барда жолаушылар Шар арқылы елордаға 17 сағатта жететін еді. Қазіргі уақытта жолаушылар Ресейдің Локотьіне дейін сабылып барып, кедендік тексеруден өтіп, тәуліктен астам уақыт жол жүруге мәжбүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив