Қазақстанның студенттері енді 2,5 жылда жоғары білім алып шығуы мүмкін
Қазақстан жоғары оқу орындарына жаңа оқу технологиясы енгізілмек. Енді бір оқуды аяқтаған түлек ЖОО-да 4 жыл емес, 2,5-3 жыл ғана оқиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Шәріпбек Әмірбек мәлімдеді.
– Елімізде 800 колледж бар. Олардың барлығы кредиттік оқу жүйесіне көшуі керек. Бұл дегеніңіз оқуын аяқтаған түлектер ЖОО-ға түсіп, оны 4 жыл емес, 2,5-3 жылда тәмамдай алады деген сөз, – деді Ш.Әмірбек.
Саясат ғылымдарының докторы, ең басты мәселе түлектердің жұмысқа орналасуы екенін айта келе:
– Үкімет норма қабылдады. Егер ЖОО түлегі жұмысқа орналаса алмаса, біртіндеп аталмыш мамандық та, оқу орны да жабылады, – деп түйіндеді.