KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Кеңес "көсемінің" басы көлік капотында жүр

4.10.2018, 05:09 143

Британдық тележүргізуші Сталиннің бас мүсінін көлік капотына қойып, бүкіл Грузияға саяхаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл – The Grand Tour автокөлік шоуының кезекті түсірілімі болса керек. Бағдарлама жүргізушілері Джереми Кларксон, Джеймс Мэй и Ричард Хаммонд  түсірілім тобымен Грузия еліне келіп жеткен көрінеді. Кларксон тізгіндеген көк Bentley-дің капотындағы кеңес "көсемінің" бас мүсіні, Иосиф Виссарионовичтің музейіне кіріп шыққан соң пайда болған. Аталмыш бейнеролик желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.


Шоумендер жолай Қытайдағы Мао Цзэдунның музейіне де бас сұққан көрінеді. Осыған қарағанда бағдарлама сюжеті әлемге әйгі диктаторлармен байланысты болуы мүмкін.


https://youtu.be/8LJwWc4AZYU


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив