KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Өскеменде 100 заңсыз қоқыс алаңы бар

29.09.2018, 11:41 203

Шаһардан тұрмыстық қоқыстар төбе болып төгілген 100 шақты аумақ анықталған. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар сол заңсыз қоқыс төгу алаңдарын жою жөнінде арнайы тапсырма берді. Енді арнайы жұмыс құрылып, осы мәселемен жіті шұғылданатын болады.


Облыс орталығында 29 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтті. Қала басшысы осыған орай «Самоцветы» саяжай бірлестігіне тиесілі аумақта болып, сол жердегі заңсыз қоқыс алаңын барып көрді.


–Тұрғындардың қоқыс төгетін арнайы орындары жоқ, соның салдарынан осындай үйінділер пайда болады. Бұл қалдықтарды ешкім әкетпеген соң төбе болып үйіле береді, – деді осы аумаққа жауапты №11 өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Ерсейіт Нұралдинов.


Сенбілік аясында осы маңнан бірнеше жүк көлігіне тиелген қоқыс арнайы полигонға жөнелтілді. Бірақ, бұл мәселені түбегейлі шешпесі анық. Сол себепті, қала әкімі жеке үйлер, саяжайлар иелері мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындар арасында шарт жасалуын міндеттеді. Сондай-ақ, жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан да шара қабылданып, қоқыс төгушілер заңға сай жазаға тартылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив