KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4,7 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Ертең Семейде өтетін фестивальде автокөлік ұтып алуға болады

29.09.2018, 05:17 173

Ертең Семейдегі орталық алаңда Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ұйымдастырумен «Семей менің жүрегімде» атты қалалық фестиваль өткізіледі.


Мерекелік шара барысында ақылы түрде оқуға түскен 1-ші курс студенттері арасында ұтыс ойындары ойнатылмақ. Жеңімпаздарға дәл осы оқу орнында 1 жыл, I семестр тегін оқу және де 10/20 пайыз жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталатын болады. Ал бас жүлде жеңіл автокөлік болмақ.


Бұдан бөлек, «Самая вышка» әнімен танымал болған «Раим мен Артур» , Марсель сынды бірқатар жұлдыздардың қатысуымен гала-концерт өтеді. Кеш соңы отшашу жəне би кешімен аяқталады.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив