KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.79 478.77 4.9

Шығыс Қазақстан мемлекетттік техникалық университетінде Абай кабинеті ашылды

27.09.2018, 10:45 187

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетттік техникалық университетінде Абай кабинеті ашылды. Осынау шара оқу ордасының 60 жылдығына арналды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ұлы ақынның атындағы кабинеттің ашылу салтанатына қаладағы кітапхана қызметкерлері, студенттер мен оқытушылар, Абай шығармашылығын қадірлейтін қала тұрғындары қатысты. Тұсаукесер лентасын қию құрметі университет пен облыстық Пушкин атындағы кітапхана басшыларына бұйырды.


Келген қонақтардың назарына кітапхана қызметкерлері дайындаған Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты мазмұнды көрме ұсынылды.


Мұндай кабинетті ашу туралы бастаманы ең алдымен біздің ұжым көтерді. Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы тұлғасы. Біз ұлы ақынды, оның шығармашылық мұрасын халық терең таныса деп ойлаймыз. Бұл кабинет студенттерге ғана емес, педагогтар үшін де пайдалы болатынына сенеміз. Болашақта бұл жерде Абай клубының отырыстары өтетін болады, - дейді университет кітапханасының жетекшісі Гауһар Әкімжанова.


Сондай-ақ, университет ректорының міндетін атқарушы Сәуле Рахметуллина Абай кабинетінің ашылуы жас ұрпақтың Абайды тануына жол ашатынын ерекше атап айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив