KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Өскеменде зираттарға камера қойылуы мүмкін

21.09.2018, 04:22 150

Қала депутаттары осылайша ұрлық пен вандализмнің алдын алмақшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кеше Өскемен әкімі Жақсылық Омар қалалық мәслихат сессиясында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Қауіпсіз қала» жобасының жүзеге асуы жөнінде мәлімдеме жасады. Естеріңізде болса, бұл жоба негізінде көптеген аулалар мен вокзалдарға, базар мен көлік тұрақтарына, көше қиылыстарына жаппай камера қою жоспарланған.


– Өскеменде барлығы 4000 камера орнатылады, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Қалалық мәслихат депутаты Майраш Екібасова камераларды зираттарға да қою керек деген пікір білдірді. Өз кезегінде қала басшысы бұл ұсыныстың ескерусіз қалмайтынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив