Барлық ауылындағы клубтың жөндеу жұмыстары аяқталып қалды – ШҚО
Республика күні қарсаңында Катонқарағай ауданындағы Барлық ауылының клубы жөндеу жұмыстарынан кейін ашылмақ. Төрт жүзге жуық тұрғыны бар ауыл үшін бұл мәдени ошақтың маңызы зор, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Клуб 2010 жылы пайдалануға берілген болатын. Мәдени ошаққа он төрт жылдан бері ешқандай жөндеу жүргізілмепті.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес клуб ғимаратының есік-терезелері, едені ауыстырылып, сахна жөнделді. Ішкі қабырғаларын түзету, бояу, сыртын металлосайдингпен қаптау, электр сымдарын, шатырды ауыстыру, ауланы қоршау сияқты жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 21 043 680 теңге бөлінді.