KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, З
487.24 529.34 5.02

Еліміздегі ұшақ рейстерінің жаппай кешігуіне шағым көбейді

Бүгін, 09:30 0 Төлеуғазы Жансая

Сенатор Андрей Лукин депутаттық сауалында әуекомпаниялар рейстерінің жүйелі түрде кешігуі, жолаушылар құқықтарының бұзылуы және тасымалдаушылардың өз міндеттерін орындамауы мәселесі туралы айтты. Осы орайда ол Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңына сәйкес тасымалдаушылар ұшу тәртібі өзгерген жағдайда жолаушылар алдында жауапты болады. Атап айтқанда, ұшақ әуе компаниясының кінәсінен кешіккен болса, жолаушыларға төрт сағаттан астам күткені үшін ыстық тамақ және бес сағаттан астам кешіккенде қонақүйде тұру сияқты қажет қызметтерді көрсетуге міндетті. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген авиакомпаниялар бұл талаптарды жүйелі түрде бұзып келеді.

«Қазақстандықтар кейінгі екі айда еліміздегі әуежайларда рейстердің жаппай кешігуіне жиі шағымданған. 12 тамызда KС860 «Ақтау – Алматы» рейсі 13 сағаттан астам уақытқа кешіккен, бірақ авиакомпания жолаушыларға балама рейс немесе түнеп шығатын орын туралы ұсыныс жасамаған. Air Astana әр жолаушыға өтемақы ретінде 2000 теңгелік ваучер беріп, наразылық туындатты. Бүгінгі таңда бұл мәселе маңызды болып отыр және жалғасып келеді. Жоғарыда аталған және басқа да оқиғалар жолаушылар мен авиация саласы өкілдерін қатты алаңдатып отыр», - деді Андрей Лукин.

Сонымен қатар сенатор әуе қатынасы сапасының нашарлауы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы ұшуына кері әсерін ететіндіктен, мәселе билік тарапынан назар аударуды талап етеді.

«Ұшақ кешіккен кезде қызмет көрсету стандарттарын қатаңдатуды ұсынамын. Ұшақтардың техникалық жағдайын қатаң бақылауды қамтамасыз ету керек. Авиакомпаниялардың ұшу тәртібін сақтау жөнінде жария рейтингін енгізу керек, бұл қызмет көрсету сапасын арттыруды ынталандырады. Жолаушылардың өтемақысын жабу мақсатында авиакомпанияларды рейстердің кешігуінен міндетті түрде сақтандыру енгізу керек», - деді сенатор Лукин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив