KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚМУ бұдан былай өзі берген дипломның сапасына жауап беретін болады

5.09.2018, 03:18 204

Елімізде Академиялық адалдық лигасы құрылды. Ол жалпы саны  21 жоғары оқу орнының басын біріктіріп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Академиялық адалдық лигасы әлемнің ең үздік университеттерінің тәжірибелеріне сай қағидалар негізінде жұмыс істемек. Лига білім саласын дамытуға бағытталған.


Облысымыздан Академиялық адалдық лигасына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ еніп отыр.


– Лиганың қызметі әлем университеттерінің үздік тәжірибесіне негізделген. Лиганың жарғысы және құрылтайшы құжаттары мақұлданып,ұйымды құру туралы декларацияға қол қойылды, – дейді Астанада өткен Лиганың алғашқы жұмысына ШҚМУ-дан қатысқан азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі Асыл Сәбитова.


Академиялық адалдық лигасына мүше университеттер енді адалдық жүйелерін жасап, үздік студенттер ғана бітіретін жүйені қалыптастырмақ. Оған студенттер де, оқытушылар да қатысып, толыққанды  антиплагиат жүйесін жасау көзделген.


2021 жылдан бастап әр университет өз үлгісіндегі диплом беруді бастайды, бұл жағдай өз кезегінде жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыратын болады. Демек, ЖОО-лар ендігіден былай өздері оқытып шығарған мамандарға және оларға берген диплом сапасына кіршіксіз абыройымен жауап береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив