KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Көкпектіліктер Азиаданың күміс жүлдегеріне ат мінгізді

3.09.2018, 05:05 109

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азияда ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсановқа туған жері – Көкпекті ауданында құрмет көрсетілді.


Көкпекті – Самар тас жолының Үлкенбөкен ауылына кіреберісте аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгельдин, белгілі спорт демеушісі Болат Бекбердинов, атақты палуан Алтай Танабаевтар бастаған аудан жұршылығы өкілдері автошерумен қошемет көрсетіп қарсы алды.


Азиаданың жүлдегерін қарсы алу жиынында сөйлеген сөзінде аудан әкімі Асхат Смаилов ақжарма тілегін, ағалық алғысын Даниярдың ата-анасына, жаттықтырушыларына арнай келе: «Бүгінгі Даниярдың жеңісі талай жасөспірімнің жүрегіне ерлік отын жақты, көңіліне жеңіске деген зор сенім ұялатты, көкейіне ұлы арман қондырды. Спорт ұрпағымызды жеңіске жетелейді, Көкпекті елінде олимпиада жеңімпазы шығар күн алыс емес. Оған біздің жастардың әлеуті жетіндігіне мен сенемін»- деді.


Аудан әкімі мен ауыл тұрғындары палуанның жаттықтырушысына, ата-анасына сый-сияпат көрсетсе, ауылымыздағы әйгілі меценат, ірі кәсіпкер Болат Бекбердинов жеңімпазға ата жолымен ат мінгізді.


Көкжайық ауылында туып-өскен еркін күрес шеберінің алғашқы бапкері өзінің әкесі Әлібек Нукенов болса, Семей қаласындағы қазіргі жаттықтырушысы – Мейірбек Байжанов. Сонымен бірге, ағалық қамқорлық танытып, үлкен жарыстарға дайындық барасында кеңесін беріп отыратын Қазақстанның еңбек сіңіңрген жаттықтырушысы Алтай Танабаевтың еңбегі зор.


Жерлестерінің ыстық ықыласына риза болған Азияда жүлдегері спорт мектебінің жас палуандарына мастер класс өткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив