KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қытайда "мұғалімнің" құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге

3.09.2018, 04:06 134

Қытайда мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр. 600 балабақшаның бүлдіршіні жаңа «тәрбиелеушілерімен» танысты. Құрастырушылар өз өнімдерін басқа елдерге сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы "КТК" телеарнасы мәлімдеді. Сенсор экранды роботтың биіктігі бар-жоғы 60 сантиметр. Білім саласындағы жаңа қызметкерге Кико деген есім берілген көрінеді. Ақылды робот балаларға қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып, жаттығу мен тапсырмаларын ұсынады. Егер бүлдіршін дұрыс жауап берсе сенсорде қызыл жүрек жанады.


Сонымен қатар, робот мұғалімдер кез келген сұраққа жауап береді. Мұндай мұғалімнің құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге. Бұл аспанасты еліндегі бір педагогтың айлық жалақасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив