KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Қазақстанның мектептерінде хиджаб киюге рұқсат беріле ме?

31.08.2018, 08:01 125

Жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде хиджаб киюге рұқсат етіле ме деген сұраққа Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жауап берді.


Министрдің айтуынша, мектеп формасында діни атрибутикаға бұрыңғыдай жол берілмейді екен.


Сонымен қатар, ұлдар мен қыздарға арналған жекеменшік орта мектептерді ашу туралы ұсынысқа қатысты да өз пікірін білдірді.


-Жеке білім мен діни білімді шатастырмау керек, - дейді Ерлан Сағадиев. – Мектеп бағдарламасы бірыңғай болып табылады. Мектептегі оқу білім мемлекеттік орта білім беру стандарттарының аясындағы бағдарламалар бойынша жүргізіледі.  Ол барлығына қатысты. Сондықтан қоғам түсіністік танытады деген ойдамыз. Білім және ғылым министрлігі мұндай мектептерді ашу мәселесімен айналыспайды. Біздің міндет – барлығына ортақ білім беру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив