KZ
Өскемен
+15°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
443.16 480.39 4.94

Биыл мектепке 3 миллион бала барады

22.08.2018, 08:46 133

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылы мектепке үш миллионнан аса баланың баратынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– 2018 жылы үш миллионнан аса бала мектепке барады, олардың 350 мыңы бірінші сыныпқа барады, – деді Сағадиев үкімет отырысы барысында.


Сондай-ақ, министр республикалық бюджет есебінен 110 мектептің салынып жатқанын, оның 72-сі биыл пайдалануға берілетінін айтып өтті.


– Жаңа оқу жылында жаңартылған оқулықтарға 3, 6, 8-сынып оқушылары өтеді. Педагогтар қажетті курстардан өтуде... Оқулықтардың электрондық нұсқасы енгізіліп жатыр, – деді Сағадиев.


Министрдің айтуынша, мектеп формасына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив