ШҚО-да балабақшаға электронды кезек барлық аудандарда енгізіледі
Ағымдағы жылдың соңына дейін балабақшаға жолдаманы облыс көлемінде электронды түрде алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Білім басқармасының баспасөз конференциясында мәлім етілді.
Қазіргі таңда автоматтандырылған жолдама облыстың төрт қаласында ғана жүзеге асырылып отыр, яғни Өскемен, Семей, Риддер және Курчатов. Енді жыл соңына дейін аймақтың басқа аудандарында да енгізілетін болады.