KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да травматология бөлімдері ашылады

31.08.2018, 03:00 192

Өскеменнің жеті ауруханасында равматология бөлімдері ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жарақаттарға баса назар аударуға соңғы жылдары жол апатының салдарынан көбейген өлім-жітім оқиғалары себеп болған екен. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов мәлім етті.


Өткен жылы жол апатында 36 адам көз жұмған болса, биыл адам шығынының саны 66-ға жетіпті.  Мұндай жағдайларда адамдардың алған жарақаты өте ауыр болғандықтан ауруханаға жеткізіп үлгермей жатады.


Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, жарақаттың алдын алу бойынша шараларды күшейту аса қажет.


-Осы жылы Семейдің қалалық  жедел жәрдем ауруханасында травматология бөлімі ашылады, - дейді Марат Шоранов. - Сонымен қатар, облыс орталығының жеті ауруханасында жол апатында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсететін арнайы пункттерді ашу жоспарда бар. Жыл сайын облыстың дәрігерлері шетелден білім алуда. Биыл 13 травматолог-дәрігер шетелдік клиникадан оқып келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив