KZ
Өскемен
небольшой снег жел 3 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Ата заң туралы пікірлер ашық айтылды

28.08.2018, 10:52 69

С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып, жиналғандар конституцияның ролін талқыға салды.


Мұхтар Төлеген, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры:


– Ата заңның әркімнің білім алу құқығын бекітіп отырғаны мәлім. Осы орайда мемлекет тарапынан салаға, оның ішінде жоғары оқу орындарына жіті көңіл бөлінуде. Биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қосымша 400 білім гранты бөлініп отыр. Оқу ордамыз бірнеше жылдан бері білікті заңгерлерді дайындаумен айналысып келеді. ШҚМУ-дың заң факультеті өзінің үздік түлектерімен мақтана алады.


Александр Светаш, Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы:


– Қазіргі Ата заңымыз еліміз тәуелсіздігін енді ғана жариялаған кезеңде қабылданған болатын. Оны нағыз халықтық Конституция деп айтуға да толық негіз бар. Өйткені,бүкілхалықтық референдум қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде 33 мыңға жуық ұжымдық талқылау өткізіліп, оларға 3 миллионға тарта отандасымыз қатысты, өзой-пікірлерін білдірді, ұсыныстарын айтты.


Олег Чугунков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:


– Конституция бойынша әрбір ел азаматы тегін орта білім алуға құқылы. Ал, сол білім алдыменсапалы болуы тиіс. Осы орайда, «Нұр Отан» еліміз бойынша 1 мың тегін ІТ-сынып ашуды көздеп отыр. Атап өтерлігі, соның 277-сі алдағы оқу жылында біздің облыста іске кіріспек. Бұған партия филиалының төрағасы, аймақ басшысы ДаниалАхметовтің мұрындық болғанын атап өткен ләзім. Сондай-ақ, цифрлық білімді жетілдіру мақсатында колледждер негізінде ІТ-орталықтар ашылып отыр.


Назым Қабдрахманова, облыстық соттың судьясы:


– Біз өз жұмысымызда осы Ата заңымыздың баптарына тікелей сілтеме жасап отырамыз. Бірмысал келтірер болсам, 2013 жылы Семей қалалық соты баласына хиджап киюіне тыйым салған мектепке қарсы ата-ананың шағымына қатысты істі қарайды. Осы істі қарау кезінде судья Ата заңдағы «Қазақстан – зайырлы мемлекет» деген сөздерге сілтеме жасап, істі мектеп пайдасына шешті.


Клара Нұрқасова, облыстық адвокаттар алқасының мүшесі:


– Атазаңымызда азаматтардың құқықтары мен міндеттері тайға таңба басқандай анықкөрсетілген. Олар күнділікті сот процесінде қолданылып жүр. Конституцияның 27-бабында сот алдындағы қос тараптың, яғни айыптаушы және жақтаушы тараптың теңдігі айтылады. Кеңес кезеңінде айыптау жағы басым болып, сот негізінен солтараптың шешімін қолдап жататын. Қазір адвокаттар сөзінің салмағы арта түсті.


Альмира Нұртаева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша агенттік департаментінің бас маманы:


– Біз«Саналы ұрпақ» жобасын қолға алып отырмыз. Ондағы мақсат білім саласындағысыбайлас жемқорлықты жою. Парақорлықты құртудың негізгі тәсілі– тәрбие. Алдағы уақытта мектептерде «Адал ұрпақ» атты клубтар іске кіріседі. Бұл іске орта арнаулы және жоғары оқу орындары да тартылып отыр. Біздің ойымызша, коррупциямен күресті ерте жастан, мектеп қабырғасынан-ақ бастап, өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет.


Шолпан Шалғазина, кәсіби медиатор:

– Сот шешімі үнемі тиімді бола бермейтіні рас. Елбасымыз судьялардың 5 республикалықсъезінде сот жүйесіне медиация институтын енгізуді тапсырған болатын. Соғанорай 2011 жылы елімізде «Медиация туралы заң» қабылданды. Жалпы, медиация ұғымы қазақ халқы үшін соншалық жат та емес, ол бұрынғы билер соты іспеттес. Медиация арқылы қос тараптың да мүддесі қорғалады, уақыт үнемделеді, тараптар баж салығын төлемейді.


Тоқтар Болғауов, доцент, экономика ғылымдарының кандидаты:

–Ата заңның қалайша тиімді жұмыс істеп жатқанын экономикадан байқауға болады.Мемлекетіміз жан-жақты дамып келеді. Өзім еңбек етіп жүрген ШҚМУ аясында айтар болсам, жуырда біздің кафедрада 2 компьютерлік сынып іске қосылып, экономика докторантурасы ашылды. Бұл – жай ғана бір-екі мысал ғой. Жалпы, қоғам тұрғысында алсақ, еліміз жаппай жаңғыру сатысынан өтіп жатыр. Әсіресе, рухани тұрғыдан жаңғыру қарқынды.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив