KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Даниал Ахметов: Қоғам сұранысына сай мамандықтар оқытылуы керек

24.08.2018, 09:54 71

Тамыз конференцияында  техникалық және кәсіби білім беру жөнінде бірқатар тың ойлар айтылды. Бүгінде аталмыш сала бойынша өңірімізде 35 мың студент білім алып жатыр екен, олардың 52 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, өңірде «Көпшілікке арналған ақысыз техникалық және кәсіби білім» жобасы екпінді түрде іске асырылуда.


-Соңғы екі жылда біз мемлекеттік тапсырысты жыл сайын 10 пайызға ұлғайтып келеміз. Биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 5560 орын бөлініп отыр. Жыл сайын мектеп бітірген түлектердің 40 пайызы саналы түрде колледждердегі мамандықтарды таңдайтынын есепке алатын болсақ, біз бұл бағыттағы барлық жұмыстарды ширата түсуіміз қажет,-деді облыс басшысы.


Аймақ басшысы облыстық білім басқармасына техникалық және кәсіби білім беретін колледжерде бүгінгі қоғам сұранысына сай  мамандықтарды ашуды қадап тұрып тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив