KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, СБ
474.26 514.48 5.43

ШҚО колледждерін дамытуға қосымша жеті миллиард теңге бөлінеді

11.10.2018, 03:56 192

Кәсіптік-техникалық білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып келеді. Өйткені мемлекет тарапынан бұл салаға миллиардтаған қаражат бөлініп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау орталығының директоры Ришат Рамазанов айтып өткендей, аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасымен техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға бағытталған ауқымды бағдарлама әзірлену үстінде. Оған сәйкес жеті миллиардқа жуық қосымша қаражат бөлу қарастырылып отыр. Облыстық бюджет және демеушілердің көмегімен жүзеге асырылатын бұл жоба мемлекеттік колледждердің материалдық-техникалық жағдайы мен білім сапасын жаңа жоғары деңгейге көтеруге ықпал етері сөзсіз. Өйткені, 2019-2022 жылдар кезеңінде кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарына ең соңғы үлгідегі технологиялар, оқу құралдары алынып, оқытушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұдайы жүргізілетін болады.


Колледждегі біліммен шектелмей, білім-білігін жоғары оқу орындарында жалғастырамын деушілерге де қолайлы жағдайлар қарастырылған. Мәселен, колледждердегі қолданбалы бакалавриатта оқып шыққан студенттер университетте екі-ақ жыл оқып, жоғары білімді маман болып шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив