KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Айдан су табылды

24.08.2018, 03:39 156

Ғалымдар айды аспанға шығарды. ВВС News-тің мәліметіне сүйенсек, Айда су бар. Енді астронавтар Жерден тасымай, сондағы суды пайдалана алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Су – мұз түрінде, олардың жатқанына миллиондаған жылдар болған. Айдың солтүстік және оңтүстік полюстерінен табылды. Ғалымдар бұл жаңалықты Айды 2008 және 2009 жылдары зерттеген Үндістанның «Чандраян-1» серігінің көмегімен ашқан. Зерттеу нәтижелері туралы мақала «Proceedings of the National Academy of Sciences» (PNAS) журналына жарияланған дереккөз мәліметіне сүйенсек. Мұз айдың бетінде тұтас емес, әр жерде шашылып жатқан көрінеді.


Ғалымдардың айдан су табылды деп бөркін аспанға атуының себебі мынада:  болашақта Айға баратын астронавтар Жерден су тасымай, сондағы мұзды ауызсу ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар одан сутегі және оттегі алып, зымыран отыны үшін, ал оттегіні ауа ретінде қолдануға болады.Аталмыш жаңалық Айдың оңтүстік полюсінде су бар екендігі туралы бұған дейінгі жорамалдарды растап отыр.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив