KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Марстан көл табылды

26.07.2018, 03:35 202

Марста тіршілік болмаса да, тіршілік көзі бар екен. Айтпағымыз, Қызыл ғаламшардан су табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


"BBC News" жария еткендей, ғалымдар 20 шақырымға созылған көл ғаламшардың оңтүстік полюсінде орналасқан дейді. Оның бетін қалың мұз жауып жатқан көрінеді. Бұл жаңалық «Марс-экспресс» планетаралық стансасында орнатылған «Marsis» радары арқылы белгілі болған. Бұдан бұрын зерттеушілер Марстың бетінде кей-кейде еріген мұздықтардың сулары жататынын айтқан еді. Алайда, Қызыл планетада ұдайы суық су резервуарының бар екеніне алғашқы негіз енді пайда болды. Бұған дейін НАСА-ның «Кьюриосити» құрылғысы планетаның бетінен кепкен көлді тауып, бұрын Марста су болғанын дәлелдеген еді. Алайда, одан бері планетадағы температура айтарлықтай төмендеп, судың көп бөлігі мұзға айналған.


«Ол шағын көл болуы мүмкін», – деді зерттеу жетекшісі, Италия ұлттық астрофизика институтының профессоры Роберто Оросеи.


Радар мұз жамылғысының қалыңдығын есептей алған жоқ, алайда ғалымдар бір метрден аз емес деп болжам жасауда.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив