KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,7 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Қытайдың ғарыш станциясы Айдың көлеңке жағына мақта өсіре бастады

16.01.2019, 03:04 249


Алғаш рет Айдың көлеңке жағына қонған Қытайдың планетааралық «Чаңэ-4» станциясы биологиялық экспериментті жүзеге асырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы BAQ.KZ мәлімдеді. Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, эксперимент үшін 6 түрлі өсімдіктің тұқымы таңдалып алынған. Станцияда орнатылған фотоаппарттың көмегімен түсірілген суреттерде көрінгендей, мақта ұрығы алғашқы болып өскін аша бастаған.

Бұдан бұрын, Айдағы радиацияның тірі жан иелері үшін әсер етуі жайлы америкалық астронавтар 1972 жылы «Аполлон-17» миссиясын іске асыру барысында анықтаған болатын.


Қытай ғарыш аппараты 2018 жылы 8 желтоқсанда ұшырылған. Оның негізгі міндеті Айдың бұған дейін белгісіз болып келген бөлігін зерттеу. Сонымен қатар, Айға радиоастрономиялық байқау жүргізіп, Ай бетінің түзілу құрамын зерттеу жоспарда бар көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив