Головкин - «Канело» рематчы кинотеатрларда көрсетілмек
Лас-Вегастағы Mandalay Bay Resort қонақүй, ойын-сауық кешені Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жекті қаладағы кинотеатрларда көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз 15 қыркүйекте «Канело» - GGG 2 жекпе-жегін тамашалап, жабық кештік өткіземіз. Билеттер 15 тамызда сатылымға шығады» деп жазылған Mandalay Bay Resort-тың туиттердегі аккаунтында.
Әзірге жекпе-жек өтетін Лас-Вегастағы үш локация белгілі: Marquee Ballroom, Criss Angel Theatre и Mirage Events Center. Бұлардың барлығы қонақүйлер мен казиноларда орналасқан.