KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да 13 елді мекенге қауіп төндіріп тұрған 146 көл бар

8.08.2018, 04:00 132

«Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері Катонқарағай ауданындағы қауіпті су қоймаларында тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мамандар Сарымсақты өзенін сай-саласына дейін қарап шықты. Жалпы көлемін және бірнеше жерден тереңдігін өлшеді.


– Су тереңдігі қайық үстінен эхолот көмегімен өлшенді. Бұл су астындағы жер бедерін және судың көлемін анықтау үшін қажет, – деді ШҚО ТЖД. – Мамандар жұмысының нәтижесінде ол су қоймаларының ешқандай қауіп төндіріп тұрмағанына көз жеткіздік. Жалпы ШҚО тауларында 13 елдімекенге қауіп төндіріп тұрған 146 көл бар.  Бұл су қоймаларының басым көпшілігі Зайсан, Катонқарағай, Зырян, және Риддерде. Алдағы уақытта осы жерлерде тексеру жұмыстары жүргіземіз.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив