KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2,1 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Катонқарағайда итальян шегірткелері қаптады

21.06.2021, 17:23 163

Жыл сайын жазғы егін маусымы басталғанда шарулардан маза кетеді.

Өйткені олар әр жылы өз жұмысына үлкен тәуекелге бел буып кіріседі. Кейде жаңбыр жаумай қалса, кейде қар түсіп, қатқақ болуы ғажап емес. Биыл егінге шегірткелер қауіп төндіріп тұр. Катонқарағай ауданының аумақтық инспекциясы халыққа үндеу жасады.

- 2021 жылдың 15 маусымынан 1 шілдеге дейін Катонқарағай, Үлкен Нарын, Аққайнар, Жамбыл ауылдық округтерінде бүрку әдісімен химиялық және биологиялық күрес жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Оған себеп мемлекеттік жер қоры есебінде тұрған жайылымдық жерлерде италиян прусы дернәсілдерінің жаппай шығуы. Улы химикаттар (пестицидтер) себілген жерлерге алдағы 1 ай мерзімінде мал жаюға, адамдардың баруына тыйым салынады, - дейді аумақтық инспекция мамандары. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив