KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Өскеменде Жақсылық Үшкемпіров туралы киноның түсірілімі басталды

6.08.2018, 04:28 297

«Қазақфильм» киностудиясы «Жеңімпаз» киносының түсірілімін Өскеменнен бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Киноның бас кейіпкері – қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров. Даңқты палуанның бала күнгі кішігірім жеңістерінен бастап, Олимп шыңына шыққанына дейінгі аралықты түгел қамтимыз, – деді түсірілім тобын шығысқа бастап келген режиссер Бақыт Қайырбеков.



Кейіпкердің бозбала шағын сомдауға Елнар Назарқұл мен Сануржан Сүлейменовтер таңдалды. Жігіттік кезін театр актері Олжас Сақ ойнайды. Ал е Жақсылық Үшкемпіровтің ел ағасы атанған кезін Қазақстанның халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды.


Түсірілім жұмыстары Өскеменде аяқталған соң, Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында жалғаспақ. Және де кейбір эпизодтар үшін Беларус жеріне баруды да жоспарлап отыр шығармашылық ұжым.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив