KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Электрсамокат мінген балалар: Қазақстанда 130 ата-ана жазаланды

Бүгін, 13:00 0 Төлеуғазы Жансая

Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты құқық бұзушылық статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Биыл электрсамокат жүргізушілері жасаған 41,6 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде мас күйінде жүргізу - 9 дерек, жалпы пайдаланымдағы жолдарда балалардың электрсамокат жүргізуіне жол берегені үшін 130 ата-ана жауапқа тартылғаны хабарланды.

"Алайда, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен құқық қолдану практикасына қарамастан, электрсамокаттардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай әлі де күрделі болып отыр. Биылғы 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 136 адам жарақат алды. Электрсамокаттардың жүргізушілері кінәсінен 24 ЖКО болып, 1 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды", - делінген ведомствоның редакцияның сұрауына берген жауабында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив