Абай ауданында бес жолақты жабық бассейін салынып жатыр
ШҚО, Абай ауданында бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында жабық бассейн салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жақында бұл нысан пайдалануға берілмек. Ғимараттың құрылыс жұмыстарын «Құрылыс» ЖШС мердігер компаниясы атқаруда. Оған өткен жылы облыс бюджетінен 262,2 миллион теңге бөлінген.
Жоба бойынша жүзу бассейні бес жолақты болады. Онда бір күнде 40 адам жаттығуға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ мұнда келушілерге арналған жаттығу залдары мен монша, асхана, жуынатын және демалатын бөлмелер қарастырылған. Бұдан бөлек, көлік тұрақтары да бар.
Осылайша, биылдан бастап Абай ауданында суда жүзу спортына да ден қойылмақ.