Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек екенін білесіз бе?
Жаңа оқу маусымы жақындар келе жатыр. Ал сіз мектеп жасындағы балаңыздың оқулықтарының салмағы қанша болу керек екенін білесіз бе? Бұл туралы жаңа оқу маусымына дайындық тақырыбына арналған баспасөз маслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері атап өткендей, арқаға асатын сөмкені таңдау кезінде мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:
- арнайы қаңқасы, ортопедиялық арқалығы бар сөмке таңдау керек, салмақты және омыртқаға қысымды біркелкі бөліп, баланың омыртқасын бұзбай, оның арқасын тік қалыпта ұстау үшін қатты болуы тиіс;
- иықбаулары баланың иығын қиып кетпеуі үшін жалпақ материалдан болғаны жөн. Тұтқаларының ұзындығы реттелуі тиіс, бала оны тек екі иықбаумен асынуы, бұл ретте баланың мойнына салмақ түспеуі керек.
Ал оқулықтарға келсек, 1-4 сынып оқушыларына арналған оқулық 300 граммнан аспауы тиіс. 5-6 сынып – 400 гармм, 6-7 сынып – 500 гармм, жоғары сыныптар 600 граммға дейінгі салмақтағы оқулықтарды арқалай алады.
Бекшиннің айтуынша, оқулықтар салмағының шекті шамадан асып кетуі остехондроз, сколиоз, жарық сынды ауруларға алып келуі мүмкін.