KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

"Жағадан ары кет!" ШҚО-да ерлі-зайыптылар кішкентай балаларының көзінше батып кете жаздады

19.07.2018, 10:33 81

Бұқтырма жағалауындағы Көгілдір бұғазға дем алуға барған жас отбасы оқыс жағдайға тап болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жас жұбайлар кеш түсе бүлдіршіндерін ертіп, балық аулауға айлақ шетіне келген. Балақайдың анасы суға байқаусызда құлап кеткен екен. Әйелінің онысыз да жүзе алмайтынын білетін ер азамат артынша құтқаруға ұмтылған көрінеді. Алайда ерлі-зайыптылар айлақ тым биік болғандықтан жағаға шыға алмапты. Жағада шырылдап бала қалған. "Жағадан ары кет!" деп ажал аузында тұрған ата-ана безектеген.


ШҚО ТЖД-ның хабарлауынша, таяу маңда «Ледокол» өрт сөндіру кемесі болған. Жұбайлардың жанайқайын ести сала жеткен құтқарушылар отрядымен бірге, қол ұшын созып үлгеріпті олар.


– Шынымен де, ол жердегі жағалау тым биік еді. Абырой болғанда, дер кезінде жетіп, ерлі-зайыпты екеуін жағаға алып шықтық, – дейді «Ледокол» өрт сендіру кемесінің капитаны Михаил Истомин.


Аман-сау үйлеріне оралған отбасы, ШҚО ТЖД-ға алғыс айтып, хат жолдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив