KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

«Ледокол 2» сынақтан өтті

4.08.2017, 03:13 123

Жуықта ғана Бұқтырма су қоймасы жағалауын қадағалауға шығарылған «Ледокол 2» өртке қарсы кемесінің көмегі тиді. Мұзжарғыш «МАРС» кемесінде шыққан өртті сөндіріп, кеменің суға секірген экипажын аман-есен жағаға алып шықты. Сонымен қатар тілсіз жаудың жағадағы үй-жайларға таралуына жол бермеді.


Шындығында, бұл бар болғаны құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің бірлескен өрт-тактикалық жаттығулары.


Қисынға сәйкес, «МАРС» кемесінің машина бөлігінде электржелісінен өрт шығады. Соның салдарынан су көлігінің қозғалғышы істен шыққан. Кеменің экипажы көлікті дер кезінде тастап, суға секіреді. Ал капитаны құтқару қызметіне қалыптасқан жағдайды хабарлап, өзі де суға секіреді.

Оқиға орнына алдымен құтқарушылар жетеді. Олар құтқарушы құралдардың көмегімен экипаж мүшелерін судан алып шығып, жағаға жеткізеді. «Ледокол 2» өрт сөндіруші кемесі де дер кезінде көмекке келгенімен, жанып жатқан кеменің жағаға жетіп, өрттің маңайдағы үйлерге қауіп төндіруі жағдайды ушықтыра түседі. Мұзжарғыштың капитаны бұл жайында диспетчерлік қызметке хабарлап, отқа оранған кемені де, жағалауды да сөндіру үшін күштерді жұмылдырады. Сәл кейінірек оларға аудандық өрт сөндірушілер жәрдемге келеді. Осылайша, судан да, жерден де тілсіз жаумен шайқасқан мамандар ақыры отты сөндіреді.

-Біздің облыста су құралдарында өрттің шығуы өте сирек болатын жағдай. Соған қарамастан біз оған қашан да дайын болуымыз керек. Сол себепті осындай оқу-жаттығуларды өткізіп тұрамыз. Басты мақсатымыз - өрт сөндірушілердің жеке құрамын жаттықтырып қою ғана емес, сонымен қатар «МАРС» кемесінің экипажын үйретіп, дайындау. Кемедегі адамдардың өмірі солардың іс-қимылдарынан байланысты. Ал су көлігі 30 жолаушыға арналған, - деді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Ғафур Акаев.


Естеріңізге сала кетейік, «Ледокол 2» өртке қарсы кемесі көп уақыттан бері алғаш рет көгілдір бұғазды қадағалауға аттанған болатын. Оқу-жаттығулар кезінде мұзжарғыш су көліктері мен жағалаудағы өртті сөндіруге өте тиімді екенін көрсетті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив