KZ
Өскемен
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Сәуленің еңбегі сіңді

13.07.2018, 11:43 165

Барабаншылар, «барыстар», еріктілер һәм ойын добына бас-көз болып отырған кішкене қыздар. Клубтық Азия чемпионатының аса қызық, жоғары деңгейде өтуіне осы төртеуінің мол еңбек сіңіріп жатқаны даусыз.


Бұған бірінші болып көзімізді жеткізген Сәуле Илямбиева болатын. Осы чемпионатта ерікті түрде аудармышылық қызмет атқарып жүрген бикеш бізді Таи елінің спортшыларымен тілдестірген-ді.


– Бұл чемпионатта құрбым Кристина екеуміз Таиландтан келген меймандарға қызмет қылып жүрміз. Олардан бір елі ажырамаймыз. Міндетіміз сол, тіл білмейтін қонақтардың қолын ұзарту, – дейді Сәуле.


Сәуле меймандардың ғана емес біздің де қолымызды ұзартқандығын білмейді, сірә. Білмесе, білмей-ақ қойсын. Байқауымызша, ол жағы аудармашы қыз үшін аса маңызды емес секілді.


– Мен осымен үлкен додаларда үш мәрте қызмет етіп отырмын. Ерікті түрде. Ең бірінші рет былтыр Алматыда өткен Азиада ойындарына барғам. Сосын ЭКСПО көрмесінде аудармашы болдым. Екі жақта да туыстарымдікіне аялдадым. Бұл сапарлар мен үшін тым-тым қызықты болды.  Қарап жүрмей, үлкен аламандарды іздеп тұратын әдет таптым (күлді). Аудармашы мамандығын оқып жатқан студент, яғни мен үшін бұл мол тәжірибе, – дейді ол.


Сәуленің өзі былай дейді және: «ағылшын тілі сол пәнді оқытатын мұғалімдер мен аудармышаларға ғана керек» деп ойлайтын адамдардың барын білемін арамызда. Негізі бұл ұшқары пікір. Бұл тілді еліміздің жастары түгелдей үйренгені дұрыс. Қазіргі заман талабы осы. Тіл білсең, талай нәрсеге қолың жетеді».


Иә, Сәуле «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген баба өсиетін жете түсінген.


Айтпақшы Сәуленің қандай арманы барын білгіңіз келе ме? Айтайын, оның шет елдерді аралағысы келеді. «Жолың болсын!»


Біз бұл жолы жоғарыда айтқан төртеудің бірін ғана сөз еттік. Жанкүйерліктің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген екеу жайлы кейінірек айтпақпыз. Ал анау допқа бас-көз болып отырған һәм спортшылар тайып жығылған жерлерді сүртіп-тазалайтын кішкене қыздар туралы жазбаймыз.


Жә, қоймадыңыз ғой, аз-кем ақпарат берейік. Ол қыздар болашақ волейболшылар. «Алтайдың» жастар құрамасында ойнайды. Бұйырса, «карьерамызды алаңды тазалаудан бастағанбыз» деп айтып, телеэкранда отырған жерінен тани жатарсыздар кейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив