KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

Фиджиліктер келмейтіні рас па?

18.04.2018, 10:30 133

Алдағы шілде айында Өскеменде өтетін волейболдан қыздар арасындағы клубтық Азия чемпионатына 11 емес, 10 команда қатысатын болды. Бұл туралы vksport.kz сайты жазады.


Дерек көзі хабарлағандай, құрлықтық додаға қатысудан Фиджи елінің командасы бас тартқан көрінеді. Дегенмен әзірге бұл жөнінде ресми хабар таратылмаған.


Осылайша, 11 мен 18 шілде аралығында өтетін Азия біріншілігіне Вьетнам, Индонезия, Иран, Қазақстан, Қытай, Қытайлық Тайбэй, Тайланд, Филиппин мен Шри-Ланканың чемпиондары қатысып, құрлық мықтысы атағын сарапқа салмақ.


Естеріңізге салайық, бұл облыс орталығында волейболдан өтетін алғашқы ірі жарыс емес. Былтырғы Азия біріншілігі де Өскеменде өтіп, сол додада тайландтық «Суприм» командасы жеңіске жеткен болатын. Қазақстанның намысын қорғаған өскемендік «Алтай» сол жарыста төртінші орыннан көрінген-ді.


Ал биылғы чемпионатта «Алтай» арулары В тобында өнер көрсетіп, Вьетнам, Иран және Қытайлық Тайбэйден келген командаларға қарсылас атанбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив