KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

«Шығыстың» сақа сержанттары анықталды

13.07.2018, 08:46 138


28738 әскери бөлімінің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының таңдаулы сержанттары күш байқасты.   


Бұл жолы жауынгерлік машықтарын Семей, Өскемен, Аягөз және Үшарал гарнизондарының сержанттары паш етті. Атап айтқанда әскерилерге «Білімпаз», «Қорғау», «Мерген», «Денсаулық», «Тұлпар», «Шебер», «Бағдар», «Барыс» және «Қайсар» сынды кезеңдерде мықтылықтарын дәлелдеуге тура келді. Соған сәйкес жауынгерлер кәсіби тестілеуден өтіп, радиациялық, химиялық және биологиялық шабуылдарға қаншалықты дайын екендіктері пысықталды. Сол секілді қатысушылар практикалық атыста АК-74 автоматынан нысананы көздеді. Бұдан басқа қызметкерлер әскери көлікті тізгіндеп, медицинадан да хабарсыз емес екендерін көрсете білді. Ал «Бағдар» сайысында сержанттардың ой жүйріктігі сыналды. Мұнда үміткерлердің әскери топография бойынша білімдері тексерілді. Нағыз жігіттің ерлігі жекпе-жекте шыңдалатыны рас. Сол себепті жауынгерлер қойын-қолтық ұрыста кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Білек күшінен өзге, әскерилер «Сері» әдеби-көркем сайысында шығармашылық өнерлерін көпшілікке ұсынды.



Осы доданың қолға алудағы мақсат – сержанттардың беделін көтеру әрі олардың дайындығын кәсіби деңгейге жеткізу, сондай-ақ әскери қызметкерлердің жетістіктерін насихаттау болды. Құрыштай қаруланған саңлақтардың аламанын «Шығыс» ӨҚ-ның штаб сержанты Ғалымжан Тәукебаев тікелей қадағалады. Нәтижесіне келер болсақ, «Үздік сержант бригадасы» аталымында 27943 әскери бөлімінің 1-ші санаттағы сержанты Болат Құдабеков жеңімпаз деп танылды. «Үздік батальон сержанты» атағы 28738 ӘБ-нің қызметкері Қайырбек Сағымбековке тағайындалды. Сол сияқты «Үздік рота сержанты» 54770 ӘБ-нің қызметкері Думан Омаров, «Үздік взвод сержанты» 30217 ӘБ сержанты Дастан Толеулин және «Үздік бөлімше командирі» 27943 ӘБ қызметкері Аманкелді Сарсалиев атанды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив