KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Көмірден атомға ауысу - қара алтынға тәуелділіктен арылу

30.09.2024, 11:15 1 200 Айжанат Бақытқызы

Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының шамамен 66%-ын көмір электр станцияларынан алынып отыр. Бұл елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуына болашақта едәуір кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Altainews тілшісі.

Осыған орай, АЭС салу елдегі электр энергиясы өндірісін көмірден атом энергетикасына ауыстырып, қазақстандық өнімнің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Ұлан ауданының халқымен кездескен Парламент Мәжілісінің депутаты Лұқбек Тумашинов айтты.

Айта кетейік, бұл күндері құрамында Парламент депутаттары мен облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары бар АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық және аймақтық халықтық штабтың мүшелері ел ішін аралап, тұрғындармен кездесіп жүр. Осындай кездесулер Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кенті мен Таврия ауылында да өтті.

Таврия ауылындағы "Кучерин" ЖК, сондай-ақ "Өскемен құс фабрикасы" АҚ еңбек ұжымдарымен кездескен Л.Тумашинов Атом электр стансасын салудың артықшылықтары туралы айтты.

"Елімізде жылу және электр энергиясын өндіретін стансалардың дені 60-70 жыл бұрын салынған. Яғни, олардың басым бөлігі ескірген. Ендігі кезекте баламалы электр энергиясына ден қойғанымыз абзал. Әрине, энергияны су, күн мен жел арұылы да өндіруге болады. Дегенмен, олардың да өз кемшін тұстары бар. Осы тұрғыда мемлекет үшін ең тиімді жол АЭС болып тұр. Өйткені, ғалымдардың сөзіне сүйенсек олар көмір электр стансаларына қарағанда, экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді", - деді Парламент Сенатының депутаты.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда, әсіресе оңтүстік аймақтарда электр энергиясының тапшылығы айқын сезіле бастады. Егер шұғыл әрекет етпесе, бұл проблема жылдан жылға ушыға беруі мүмкін.

Белгілі болғандай, қазір еліміздің оңтүстік аймақтарында электр энергиясынан сағатына 3 миллиард кВт тапшылық сезіледі екен.

Л.Тумашинов айтқандай, еліміз энергетика мәселесінде өзгеге тәуелді болмасын десек, көштен қалмай, АЭС салуды қолға алу керек.

                                                                                                                                                     Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив