KZ
Өскемен
пасмурно жел 7 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да биыл қанша тонна астық орылатыны айтылды

12.07.2018, 05:58 227

Күзгі жиын-терін жұмыстарын атқару үшін облыс шаруаларына 25 мың тонна дизель отыны қажет. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаевтың айтуынша, энергетика министрлігі шілде айы үшін 7 мың тонна, тамыз, қыркүйек, қазан айлары үшін 18 мың тонна солярка бөліп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Сұйық отынды Павлодар мұнай өндеу зауыты жөнелтуде. Тоннасының құны 180 мың теңгені құрайды. Бұл – шілде айындағы баға. Аудандар шаруаларға дизель отынын жеткізуші операторларды бекітіп алған, – деді облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде баяндама жасаған сала басшысы.


Көктемгі және күзгі егіс жұмыстарына қазынадан барлығы 4 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған-ды, оның ішінде 2,7 миллиард теңге тыңайтқыштар алуға, 800 миллион теңге тұқымды жақсартуға, 168 миллион теңге суаруға арналған.


Жұмыстарды атқаруға қажет техника жеткілікті дәреже. Осы ретте атап өтерлік жайт, басқарма ауыл шаруашылығы техникасын есепке алудың бірегей жобасын қолға алып отыр, қазіргі кезде жер-жердегі мамандар осы тың тәсілмен жұмыс істеуді меңгеруде. Қыркүйек айында аталмыш бағдарлама Қарағанды қаласында республикалық деңгейде таныстырылатын болады.


– Облыс шаруашылықтары мен элеваторларында түрлі қуаттағы 90 кептіргіш және 3151 комбайн бар, оның 869-ы заманауи үлгіде. Бір комбайнға 350 гектар егістіктен келеді, яғни жүктемелері соншалық көп те емес. Жыл басынан бері қожалықтар 315 ауылшаруашылық техникасын сатып алған, арасында 7 астық орушы комбайн да бар, – деп мәлімдеді Асқар Жақыпбаев.


Түйіндер болсақ, Шығыстың диқандары астық оруға сақадай-сай. Техникалары әзір, қоймалары жөнделген. Қырмандардың қуаты тәулігіне 12 мың тонна астықты тазартып, кептіруге жетерлік. Ал, элеваторлар мен қоймалар болса шамамен бір миллион астықты шашауын шығармай сақтауға қауқарлы.


Жалпы облыс биыл 800 мың тонна дәнді және 500 тонна майлы дақыл жинауды жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив