KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-дағы халықаралық ақындар айтысы стадионда өтетін болды

10.07.2018, 11:09 161

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 28 шілде күні «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бұл туралы белгілі меценат Дулат Тастекеев өзінің фейсбук парақшасында жазды. «Айтыста Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Тілеген Әділов, Мейірбек Сұлтанхан, Нұржан Өмірбаев, Шұғайып Сезімхан, Оңғар Қабденов, Нұрлыбек Мейірманов, Мөлдір Айтбай, Абай Жалмағанбетов секілді жүйріктермен қатар Қырғызстаннан Баян Ахметов, Монғолиядан Серік Қуанған сынды ақындар бақ сынасады», - делінген жазбада.


От ауызды, орақ тілді ақындардың айтысы 28 шілде күні Ақсуат ауылының орталық стадионында түскі сағат 14:00-де басталады.


Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.


Төл өнерімізге төрелікті еліміздің бетке ұстар азаматтары: Досxан Жолжақсынов, Алтынбек Қоразбаев, Нәдірбек Әпсәләмұлы, Еркін Жаппасұлы, Серік Қалиев, Ғалым Қалибекұлы, Берік Уәли, Дәулеткерей Кәпұлы жүргізеді. Халықаралық шара соңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив