KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да ҰБТ қорытындысы шықты

3.07.2018, 12:35 234

Белгілі әзілкеш «Ұлы біркүндік төңкеріліс» деп айдар таққан ұлттық бірыңғай тестілеу де өтті. Біреулердің төбесін көкке жеткізіп, біреулердің жанарын жасқа шылап, рас.

Мұны айтып отырған себебіміз, биыл 781 оқушы шектік ұпайды жинай алмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Бірақ солай екен деп мүлде күдер үзіп кетуге болмайды. Өйткені оларға екінші мүмкіндік беріледі. Тамыздың 19-24-і күндері қайтадан бақ сынап көрулеріне рұқсат, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.


Жалпы биыл облыс көлемінде 9740 оқушы мектеп бітірген екен. Соның 70,5%-ы бірыңғай тестілеуге қатысқан. Нәтижеге келсек, аудандар арасында абайлықтар көш бастап тұр. Олар жинаған ұпайдың орта есебі – 104,6 балл екен. Одан кейін Аягөз ауданы (94,2 балл), Күршім ауданы (92,9 балл) және Зайсан ауданы (92,4 балл) орын тепкен. Ал Өскемендіктер 87,4 балл жинапты. Облыс бойынша ортақ есеп – 83,8 ұпайды көрсетіп тұр. Сайрангүл Жұмаділованың сөзінше, облыстың ұлттық бірыңғай тестілеудегі нәтижесі жыл сайын жақсарып келеді. Мәселен, былтырғы ортақ ұпайдан биылғы жиған балл екі санға артық.


Ең қызығын айтайық, өңірде ең көп балл алған төрт оқушы бар екен. Төртеуінің де ұпай саны 137-ден. Олар: аягөздік Санжар Тұрсынғалиев пен Мұхаммед Ахметжан, абайлық Ерғали Серғалиев және облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Тоты Катиева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив